478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда 100-ден астам көше жөнделеді

  • 223
  • UPD: 09:39, 24.06.2022
Нұр-Сұлтанда 100-ден астам көше жөнделеді

Нұр-Сұлтанда биыл 100-ден астам көше салынып, жөнделеді. Сондай-ақ 140-тан астам көшенің асфальтбетон жабынын жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы: Жеңіс даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылынан Есенберлин көшесіне дейін;

Толстой көшесі бойынша – Сембинов көшесінен Күлтөбе көшесіне дейін;

Қосшығұлұлы көшесі бойынша – Күмісбеков көшесінен 2-ші Алматы көшесіне дейін;

№103 көшеден басталатын жол;

Жетіген көшесі бойынша – Досмұхамедов көшесінен Алаш тас жолына дейін;

Қошқарбаев даңғылындағы жол өтпесі және жол айрығы – Абылайхан даңғылындағы жол айрығы;

Әл-Фараби көшесі бойынша;

Жабаев көшесі бойынша – Қарағанды тас жолынан басталады;

Жұбанов көшесі бойынша – Кенесары көшесінен Тархан көшесіне дейін;

Алтынсарин көшесі бойынша – Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне дейін;

Айнакөл көшесі бойынша – Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін;

Рахымов көшесі бойынша – Кенесары көшесінен бастап Ғұмар Қараш көшесіне дейін.

Сондай-ақ, қаланың шет аумақтарын дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Көктал-1, Көктал-2, Комсомольский, Интернациональный, Достық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде инженерлік желілер мен жол салу бойынша жобалар іске асырылуда. Осы жылдар ішінде 31 км инженерлік желі, сондай-ақ 6,2 км жол салынды.

Қала тұрғындарының көпшілігі Алаш көпірінде жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі сұрап, жүгінеді. Жауапты басқарманың хабарлауынша қазіргі уақытта Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі көлік айрығының жол өтпесін қайта құрудың соңғы кезеңі жүріп жатыр.

Сондай-ақ елордада екі автомобиль көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Оң және сол жағалауды жалғайтын Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік Ел даңғылын, Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев көшелерін, Nova city ауданын, «Мыңжылдық» аллеясын байланыстыруға мүмкіндік береді. Теміржол вокзалына, Тельман, Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. қолжетімділік артады.

Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Хазірет Сұлтан мешітін, Нәжімеденов, Қошқарбаев даңғылын, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерін, сол сияқты Момышұлы даңғылын сол жағалауымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы