Өскеменде 2 шілдеден бастап жолақы бағасы көтеріледі

Жолаушылар қоғамдық көлікте қолма қол 130 теңге, ал карта немесе QR-код арқылы 90 теңге төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар картамен немесе 65 теңге төлеуі тиіс. Өскемен қаласында жол ақысын электронды төлеу жүйесі 2021 жылы енгізілген.

Нұрсұлтан Кәрібеков, «Өскемен қалалық жолаушылар тасымалдау орталығы» ЖШС директоры:

- Сараланған тарифті бұдан ертерек іске қосуды жоспарлағанбыз. Тұрғындардың өтініш-тілегін ескеріп, кейінге шегердік. Бұл жүйе жолаушыларға тиімді болады деп ойлаймыз. Ешқандай қиындығы жоқ. Карталарды қаладағы 50-ға жуық сауда нүктесінен сатып алуға мүмкіндік бар.