Отандық жүк тасымалдаушылар тығырыққа тірелді – Қостанай облысы

Ресейлік тасымалдаушылар біздің көліктерді ығыстыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ол жақ санкцияға ұшыраған соң Қазақстанға тіркелген. Енді біздің тасымалдаушылар табыстан қағылып, қып-қызыл шығынға батттық дейді. Қостанайлықтардың айтуынша, бұл проблема дәл Ресейге санкция енгізілген уақыттан басталған. Осының кесірінен отандық тасымалдаушылар енді Еуропаға өтуге рұқсат беретін құжаттан қағылып отыр. 

Максим Семёнов, жеке кәсіпкер:

Автопаркте 20 шақты жүк көлігі болса, соның алтауында көлікте ғана шетелге жүк таситын рұқсаты бар. Қалғаны қаңырап тұр. Мол шығынға батып жатырмыз. Өзгелер алдында міндеттемелерімізді атқара алмай, келісімшарттар күйіп кетудің алдында тұр.

Ресейлік тасымалдаушылар қазақстандық көліктерді жалға немесе сатып алып заңға сәйкес қызмет етіп жатыр, дейді көліктік бақылау инспекциясы. Жылдан-жылға олардың саны да артып келеді. Облыста жеті жыл бұрын халықаралық 16 жүк тасымалдаушы болса, қазір 130-дан аса компания бар. Сол себепті бұл проблеманы жергілікті деңгейде шешу мүмкін емес.

Геннадий Кукоба, өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Бұл саланы күйретіп алмас үшін рұқсат беру әдісін өзгерту керек шығар. Экономика тұрғысында бұл саладан айырылсақ, ертең оны қайта аяғына нық тұрғызу екі есе қиынға соғады.