«Кенесары – 220» велошеруі елордадан басталды

«Тәуелсіздік бастауы – Кенесары ханның туғанына 220 жыл» атты велошеру басталды. Әуесқой велошабандоз Ернат Мэлсұлы бүгін таңғы төрт жарымда 220 шақырымдық жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөре елордада Есіл өзені жағасындағы Кенесары хан ескерткішінен басталды. Сосын Кенесары көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы «Астана – Қарағанды» тас жолымен жалғасты. Ернаттың айтуынша, шеру әрі қарай Қарағанды қаласына жалғасады. Кеншілер шаһарына Бұқар жырау даңғылы арқылы кіріп, «Тәуелсіздік» стелласының алдында акция түйінделеді. Әуесқой спортшы бұл шеруін тәуелсіздік үшін күресіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы Кенесарының рухына арнап отыр.

Ернат Мэлсұлы, әуесқой велоспортшы:

– Велошеру арқылы саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосқым келеді. Мына велосипед мәдениетін, потриотизмді насихаттағым келеді.