loader

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Төлеген Қапақұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалады.

Төлеген Оспанқұлов 1961 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында мал дәрігері, МТФ №1 бригадирі болып бастады.

1988-1994 жылдары 23 Партсъезд атындағы совхоздың бас мал дәрігері, сүт кешенінің бастығы, бригадирі болып жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары – «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында бас мал дәрігері.

1998 жылғы қарашадан бастап 2001 жылғы ақпанға дейін – Алматы қ. бойынша еңбек инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, еңбекті қорғау секторының меңгерушісі, еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы.

2001-2008 жылдары – ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары – Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2009-2014 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Сондай-ақ...