Павлодар облысында креативті жастар орталығы ашылды

Аққулы ауданындағы «ART MALIBU» орталығы Малыбай ауылдық клубында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24» @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Орталықтың басты мақсаты - ауыл жастарының жан-жақтылығын дамыту, бос уақыттарын сапалы, қызықты өткізуге атсалысу, жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға талпыныс беру. «ART MALIBU» орталығының негізгі жұмыс бағдары : BAKE PLACE – кулинарлық алаң, фитнес алаңы, фото студия, Music zone – караоке алаңы, Crazy hands – қол өнер, Startup ideas zone – жаңа бастама алаңдары жастар игілігіне жұмыс істейтін болады.

Орталыққа келушілер негізінен жас келіндер, ауылдың жас белсенділері, шығармашыл жастар. Орталықтың ерекшелігі безендіруде ауыл жастары Эко стильді таңдап, қарапайым қолда бар заттарды пайдаланған.

Орталық караоке аппаратурасымен, кәсіби фотоаппаратпен, фитнес жабдықтары , тігін машинасымен, кулинарлық қажеттіліктерімен жабдықталған.