«Amanat» партиясының мүшелері халықпен кездесіп жатыр

«Amanat» партиясының мүшелері 179 аудандағы 400-ге жуық елді мекенді араламақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесулерде 250 мың азаматымыз саяси бірлестіктің жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» және «Ауыл халқының табысын арттыру» жобаларымен танысады.

Сондай-ақ партиялықтар тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беруге дайын. Әсіресе, бюджеттік несиелерді бөлу мәселесіне басымдық беріледі. Бұл қаражат есебінен отандастарымыз микрокредит алып, өз кәсбін бастауға мүмкіндік алады. Мәселен, мұндай бағдарлама бұған дейін Жамбыл облысында жүзеге асқан. Өңірге бөлінген 7,2 миллиард теңгенің арқасында 11 ауылдық округте орташа жалақы көрсеткіші шамамен 2 есе артты. Жұмыссыз жүргендердің саны 36 процентке азайған. Айта кетерлігі, партия мүшелерімен кездесулер Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында өтті. Қалған өңірлерде де басқосулар кестеге сай ұйымдастырылады.