Қарағандыда ер адамнан 24 келі гашиш пен 200 келі марихуана тәркіленді

Қарағандыда ер адамнан 24 келі гашиш пен 200 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аумақтық бөліністерімен тұрақты түрде өңірге әкелінетін есірткі тасымалының алдын алу, есірткі арналарын жабу бойынша арнайы операциялар жүргізіліп отырады. Мәселен, Қарағанды қалалық Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөліміне қала тұрғынының бірі есірткі сақтауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат түсті.

Аталған ақпарат бойынша тыңғылықты дайындалған операция барысында қаладағы аудандардың бірінде 37 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік ұсталды. Оған жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктің алдындағы бөлігінен төрт орам қара қоңыр зат табылса, артыңғы орындықтан он орам көкөніс тектес зат табылды.