Ішкі істер министрі ескертусіз аудандық полиция бөліміне барды

Ауыл полицейлері не тындырып жатыр? Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ескертусіз Аршалы аудандық полиция бөліміне барды.

Атқарып жатқан жұмыстарын көріп, бірқатар тапсырма жүктеген. Ал қатардағы тәртіп сақшылары күтпеген жағдай болғанын, яғни еліміздің бас полицейі аяқасты келеді деп ойламағандарын айтады.

Жанат Оспанов, Ақмола облыстық ПД Аршалы ПБ бастығының міндетін атқарушы:

- Министр бізге тосыннан келді. Бөлімше жұмысымен танысып, бірқатар тапсырма берді. Қатардағы тәртіп сақшыларының еңбек шартымен танысып, цифрландыруды енгізуді тапсырды.