Ертіс өңірінде аллергияға шалдыққан балалар көбейді

Жыл басынан бері мыңға жуық балаға «аллергиялық ринит» диагнозы қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішіндегі 500-ден астам сәбиде ауру бірінші рет тіркелді. Қазір аурушаңдық үш жастағы сәбилер арасында да тіркеліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, аллергия жаз, көктем және күз айларында жиі байқалады. Осы жыл мезгілдерінде өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң таралады. Салдарынан ересектер де, балалар да зардап шегеді. Дәрігерлер бұл дертті бақылауға болатынын айтады. Ол үшін ауру белгілері байқалған сәтте дұрыс ем қабылдап, мамандардың көмегіне жүгіну керек.

Рауза Джекесова, облыстық Балалар ауруханасының аллерголог-дәрігері:

- Дәрігер қарауына келген балалардың 80% жуығының туыстары да дертке шалдыққан. Ауруды алдын алып, дер кезінде емдеуге болады. Ол үшін аллергия белгілері анықталса, бірден мамандардың көмегіне жүгіну керек. Біздің қарауымызға келген бала саны жаз, көктем айларында көбейеді.