loader


3 мыңнан аса қазақстандық ағза ауыстыруға мұқтаж

Елде жыл сайын ағза ауыстыруға мұқтаж жандардың саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде 3 мыңнан астам адам өз кезегін күтіп жүр. Өкініштісі, пациенттер трансплантация күніне жетпей, көз жұмады. Бұл туралы «Ю-ЭМ-СИ» корпоративтік қорының баспасөз конференциясында айтылды. Қазіргі таңда бүйрек ауыстыру кезегінде 108 бала тұр. Өйткені елде мәйіттік донор жоқтың қасы. Ал соңғы жылы 120 донорлық ағза ауыстыру операциясы жасалды. Олардың 113-і тірі, ал 7-і мәйіттік донор. Бүгін Астанада «Транс-плантейшин Ин центр Азиа» атты халықаралық конференциясы басталды. Оған 20-дан астам шетелдік маман қатысты. Олар Испания, Швейцария, Сло-вения, АҚШ, Германия елдерінен келген.

Шолпан Алтынова «UMC» корпоративтік қоры медициналық директордың орынбасары:

Әдетте бізде ата-аналары мен бауырлары донор болады. Ағза ауыстыруға мұқтаж жандарға донор болғандардың 46 проценті өз аналары. Ал кей кезде әкелері де өз ағзасын балаларына береді. Егер мәйіттік донор болғанда, мұндай қадамға олар бармайтын еді. Мәселен, 10 жыл ішінде 1600-ден аса операция жасалған. Ал оның 1400-і туысқандық донор. Сонда мың жарым қазақстандық бір бүйрекпен өмір сүріп жатыр. Бұл өкінішті жағдай.

Сондай-ақ...