Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек азаймай тұр

Ресейден келгендердің көптігінен операторлар олардың барлығын бірдей қабылдап үлгермей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін көрші ел тұрғындары орталыққа келіп құжаттарын өткізу керек еді. Сөйтіп екінші күні ЖСН алу үшін қайта баратын. Енді бір рет өтініш берсе жеткілікті. Төлқұжат деректері олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберіледі. Салаға жауапты министр Бағдат Мусин осылай деді. Ол ахуал бақылауда екенін жеткізді.