Qazaqgaz Шеврон компаниясымен меморандумға қол қойды

Газ саласы Қазақстан экономикасының маңызды бөлшегінің бірі. Қазіргі таңда QazaqGaz компаниясының алдында тұрған басты мақсаттың бірі ол-ресурстық базаны арттыру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ газ құбыры жүйелерін жетілдіріп, газ-химиясын, газ өңдеу қуатын ұлғайту. Осы мақсатқа жету үшін Шевронмен серіктестік орнатып отыр.

Санжар Жаркешов, Qazaqgaz ҰҚ АҚ басқарма төрағасы: 

- Газ және газконденсаттық кен орындарын бірге барлаймыз, бірге өндіреміз деген келісім-шартқа қол қойдық. Қазақстанда ондай объектілер, ондай геологиялық структуралар өте көп. Сондықтан біздің үмітіміз өте мол. Шеврон соңғы 30 жылда Қазақстанда өте үлкен проектерді жүзеге асырды. Үлкен біз үшін партнер.

Меморандум газды пайдалану және Қазақстан Республикасының энергетикасын көміртегі бейтараптылығына ауыстыру стратегиясын әзірлеуге қатысты ұсыныстарды қамтиды. Шеврон тарапынан құжатқа Евразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс қол қойды.

Дерек Магнесс, «Шеврон» компаниясы евразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры:

- Отыз жыл бойы Шеврон компаниясы Қазақстандағы ірі инвестор атанып келеді. Біз бұл серіктесті жоғары бағалаймыз. Бүгінгі меморандум қолданылып жатқан кен орындарының мүмкіндіктерін зерттеуге де жол ашады. Жаңа жұмыс орындарын құрып, олардың біліктілігі шыңдалады.

Құжат – Қазақстанның энергетика саласын дамытуға септігін тигізетіні анық. Газға деген ішкі сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Үлкен реформалар қолға алынды. Қазақстан энергетикалық ауысу саласында алдына үлкен жоспарлар қойып, елдің көміртегі шығарындыларын азайту үшін қажетті шараларды қолға алып отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев