Атырауда жылу желілері ескірген

Атырауда жылу желілерінің жартысынан көбі ескірген. 1960 жылдары салынған жылу құбырларын қазір толық ауыстыру қиын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған жауапты мекеме жөндеу жұмыстары үшін тариф бағасының төмен екенін айтады. Ал он көтеру мүмкін емес. Өйткені өзге өңірлермен салыстырғанда, ең жоғарғы тариф Атырау облысында екен. Дегенмен биыл 13 шақырымнан астам жылу желісіне 800 метр су және 675 шақырым электр желілеріне толықтай жөндеу жүргізіліпті. Ол үшін 3.2 млрд теңге бөлінген. Қазір облыс жылыту маусымына толық дайын, дейді жауаптылар. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда сынақ жұмыстары аяқталыпты. Ал медициналық мекемелер мен балабақшаларға жылу беріле бастаған. Бірақ облыстағы 2 білім беру және 7 денсаулық сақтау нысанында жылу беру маусымына орай күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғаспақ.

Данияр Мүкішев, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– 15 қазаннан бастап сынақтарды аяқтап, жылу беруді бастаймыз. Дегемен ауа райы салқындап бастаса, тұрғындардың өтінімдері бойынша сол көпбқабатты тұрғын үйлерде қосамыз. Жылу желілерінің тозу деңгейі 50-60 пайыз.