Елде нан қымбаттады

Оның себебін бүгін журналистерге Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі қызметтердің бағасының артуы, ас атасының қымбаттауына алып келген. Қазанның 4-нен бастап елде нанның бағасы 11,9% өскен. Жалпы қыркүйек айына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың тоннасын 90 мың теңгеден жеткізіп отырған. «Енді жаңа өнімнің құны өзгерген»,  – дейді министр. Келер жылдан бастап бағаны тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылданады деп жоспарланған.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Нанның қымбаттауына бірнеше себеп болуы мүмкін. Электр энергиясы, коммуналдық қызметтерінің бағасы өсіп жатыр. Сондықтан да жалпы бағаның артуы бар. Біз оны байқап отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық іс-шараны қабылдаймыз. Жалпы бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ. Өйткені ұн өткен жылмен салыстырғанда молынан өндіріліп жатыр. Тұрақтандыру қорына биыл 1,1 млн тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы бидай болады.