Павлодарда жәрмеңке өтті

Аптасына бір рет сенбі күні ұйымдастырылатын шараға бұл жолы төрт ауданның тауар өндірушілері келген, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Олар: Аққулы, Тереңкөл, Павлодар және Өспен.

Айта кету керек, бұл аймақты, етпен қамтамасыз етіп отырған негізгі аудандар. Жәрмеңкеде жылқы етінің бір келісі 2100-2300 теңгеден. Ал қой мен сиыр еті, одан да арзан. Әлеуметтік жәрмеңкеге аймақтың құс фабрикалары да өнімдерін әкелді. Қала халқына ет пен  сүттен бөлек көкөніс және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері ұсынылды. 

Галина Варнавская, зейнеткер:

- Мен бүгін ет, жұмыртқа сатып алдым. Маған мұндағы өнімдердің сапасы ұнайды. Картоп, қырыққабат, алма арзан бағада сатылып жатыр. Менің зейнетақым аз. Сондықтан  бәрін осы жерден алуға тырысамын. Бүгін  халық  өте көп келіп жатыр. Әсіресе жұмыртқаға кезек көп.

Татьяна Нагула, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Бүгінгі жәрмеңке  жұмыртқа мен сүтке сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Жалпы адамдар көңілі қалаған тауарын алып жатыр. Еттің барлық түрі бар. Картоптың келісі 95 теңге. Тауар өндірушілерден тікелей жеткен азық-түліктің бағасы 15-20 процент арзан болады.