Астанада Аrtsport түлектері марапатталды    

Бүгін «Артспорт» бағдарламасының түлектері марапатталды. Бағдарлама бойынша 56 бала бір жыл бойы компьютерлік графика және дизайн жасауды меңгерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тегін үйірме он жастан асқан балаларға арналған. Ал бүгін солардың арасындағы үздіктері IT технологиядағы алғашқы жетістіктері үшін мақтауға ілігіп отыр. Балалар дизайн саласындағы ірі компаниялардың өкілдерімен де танысты. 

Назира Матаева, ата-ана:

Бізге осында оқу ұнайды. Өйткені көптеген бағдарламаны меңгерді. Мысалға айтқанда олар фотошоп жасауды, мультфильм жасауды және көптеген бағдарламаларды меңгеріп және үйреніп жатыр. Соған алғысымыз шексіз «Артспорт» бағдарламасына.

Ернар Мақашев, жоба меңгерушісі:

– Іс-шараның ең басты мақсаты – бұл қазіргі таңда балаларды компьютерлік графика және дизайн саласына үйрету. Сондықтан қазір «Артспорт» бағдарламасы бойынша біз балаларды осында дайындап жатырмыз.