Өрт сөндіруші А.Забикулин қайтыс болды

Бүгін ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды. Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер қолдан келгенді жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ өлімнен арашалап қалу мүмкін болмады. Асқар елордада болған өрт кезінде адамдарды құтқарам деп батырлық танытты. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие. Асқардың артында әйелі мен екі баласы қалды.ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді.