Жылусыз қалған Екібастұздағы орталық тәрбиеленушілері Павлодарға жөнелтіледі

Екібастұздағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері уақытша Павлодарға жөнелтіледі.

Ал ауруханада қосымша жылу қондырғылары іске қосылады. Мұндағылар да облыс орталығына көшірілуі мүмкін. Жақын арада штаб отырысы өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. Еске сала кетейік, бүгін шаһардағы жылу электр станцияларының бірнеше қазандық агрегаты істен шығып, қала халқы жылу мен, ыстық сусыз қалды. Қазір сегізінші және 14-ші жылу қазандықтары жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта жылу мәселесі реттеледі деп уәде берді мамандар. Алайда облыс әкімі қаладағы қауіп сейілген жоқ дейді. Бүгінде Екібастұзда 700-ден астам көпқабатты үй бар. Аймақта аяз қаһарына мініп тұр. Өңірде сынап бағаны 30 градустан төмен.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі