«Жобалық менеджмент» ұлттық байқауы аяқталды

"Жобалық менеджмент" ұлттық байқауы аяқталды.

Іс-шараға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мұрындық болды. Ондағы мақсат өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын тиімді қолданатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау. Байқау 12 аталым бойынша өтті. Ең үздік үштіктің тізіміне Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер министрлігі және қаржылық мониторинг агенттігі кірді.

Әлтайыр Ахметов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі:

- Жобалық менеждемент бізге, елімізге тиімді тәсіл. Оны мемлекеттік қызметте іске асыруға тырысып отырмыз. Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметшілерді және басқа да салалардағы әріптестеріміздің жобаларын ұйымдастырып, іске асырып жариялау.