Ұлттық мүдде бәрінен бұрын қорғалуы керек – сарапшы

Тіл, ұлттық рух, ел мен жер, дәстүр әр отандасымыз үшін құндылық саналады.

«Ұлттық мүдде кеңесі» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Жасан Зекейұлы осылай деді. Құрылғанына көп бола қоймаған бірлестіктің айтары көп. Бүгінде құрылымын бекітіп, мақсат-мүддесін айқындаған. Ұйым елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысуды көздейді.

Жасан Зекейұлы, «Ұлттық мүдде кеңесі» ҚБ тең төрағасы:

 - Халықтың алдында айттық қой, халықтың үнін еститін, құлақ асатын үкіметпіз. Президентіміздің 7 жылдық бағдарламасын халыққа жеткіздік. Мақсатымыз – шынайы іске асуына көмектесу. Енді Ұлттық мүдде атында тұр. Бұл Президентіміз айтқандай, әр үкімет қызметкерлері мемлекеттік мүддені жеке бас мүддесінен жоғары қоятын идеологиялық жұмыс істеуі керек.