Келесі жылы 6 мыңға жуық жас қазақстандық жеңілдетілген микрокредит ала алады

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен  28 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Микрокредиттер  «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Несие рәсімдеу үшін 21 жастан 35 жасқа дейінгі, кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар арнайы конкурстан өту керек. Қарыздың ең жоғары сомасы –  5 млн теңгеге. Кепілзат талап етілетін несиенің жылдық  номиналды сыйақы мөлшерлемесі 2,5 проценттен аспайды.