Мүгедектігі бар баланың ата-анасы санаторий-курорттық емделуге жеңілдік алады

Енді мүгедектігі бар баланың ата-анасы санаторий-курорттық емделуге 70 пайыз жеңілдік алады.

Шығындар мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Мұндай норма биыл енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді. Айтуынша, қазір ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету саладағы басым бағыттардың бірі. Сондай-ақ ол қазіргі таңда әлеуметтік қызметтерді жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Министрлік тарапынан біраз қолданыстағы жүйені өзгерту үшін мордернизация жұмыстары басталды. Жұмыс аясында 6 жұмыс тобы ашылды. 2-3 айдан бері жұмыс жасап жатыр. келесі жылдың бірінші тоқсанында нәтижесін беру туралы мақсат қойып жатырмыз. Бірінші басты бағыт – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын өзгерту. Олар 15 жыл бұрын жасалған. Бүгінгі талапқа сай келмейді. Соны өзгерту жоспарланып отыр.