Елімізде ковидтен 2159 адам емделіп жатыр

Еліміздегі эпидахуалға тоқталсақ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 2159 адам емделіп жатыр. Олардың 220-сы стационарда, ал 1939-ы амбулаториялық деңгейде ем алуда. Коронавирусқа шалдыққан 8 адамның жағдайы ауыр. Тағы 6 науқастың халі өте ауыр деп танылып отыр. Ал 4 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.