ШҚО-да интернет алаяқтары ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 3 алаяқ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».​

Олар 253 мобильді телефон мен 600-ге жуық абоненттік нөмірді қолдану арқылы тұрғындарды алдап келген. Алдымен, әлеуметтік желілерде жалған парақша ашып, онлайн несие алуға көмек беру жайында хабарлама таратқан. Сөйтіп, көмекке жүгінген азаматтардың атына шағын қаржы ұйымдарынан несие рәсімдеген. Полицейлердің хабарлауынша, 109 адам зардап шекті. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ олардың өзге аймақтардағы алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріледі. 

Сондай-ақ...