Түркістанда рәміздер күніне марафон ұйымдастырылды. LIVE

Бүгінгі рәміздер күніне орай Түркістан қаласында марафон ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Менің туым, менің Отаным» атты бұқаралық жүгіру марафонына мыңға жуық адам қатысады деп күтіліп отыр.

Жандос Жұмбаек, тілші:

- Қайырлы күн, Қазақ елі! Мереке құтты болсын! Біз қазір қалаға кіреберістегі «Тікұшақ» алаңында тұрмыз. Бүгінгі рәміздер күніне арналған марафон осы жерден басталып, «Рәміздер» алаңында мәреге жетпек. Марафоншылар 2,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жарысқа қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалаң.

Бұл спорттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, орта және шағын бизнес өкілдері, спорт ардагерлері, спорт мектептерінің жаттықтырушылары, облыстық және Түркістан қалалық мәслихат депутаттары қатысады деп жоспарланған. Марафон кезінде облысқа белгілі спортшылар Мемлекеттік туды алып жүреді. Жарысқа қатыушыларды «Рәміздер» алаңында жергілікті өнерпаздар күтіп алады. Сол жерде мәре сызығына алғаш жеткен марафоншыларға сый-құрмет көрсетіледі.

Айта кетейік, жарыстан кейін «Рәміздер» алаңында облыс әкімінің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді. Одан кейін мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілер ант қабылдайды. Тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласады.