Кинологтар тазыны әлемге әйгілемек

Қазақстандық кинологтар Халықаралық федерацияның Бас ассамблеясы мүшелігіне кіруге мүдделі.

Бұл тазы тұқымын әлемдік аренаға танытып, білікті мамандар тартуға жол ашады. Себебі елде аң аулауға бейім иттер 13-ғасырдан бері мекендейді. Ит асыраушылар бұған сол кезеңдегі петроглифтер дәлел екенін айтты. Қазір Өскемен қаласында асыл тұқымды тазыларды ұстаушылар көбейді. Кинолог Елена Хардинаның мәліметтер базасында алты жүз күшік тіркелген. Ит үйретуші оларға құжат жасап, асыл тұқымды екенін дәлелдеуге күш салып жатыр. Тазыларға генетикалық талдау жүргізіп, халықаралық талапқа сай нақты мәліметтер жинақтамақ.

Қанат Саматов, тазы асыраушы:

- Біздің ата-бабамыздан келе жатқан қазақтың иті болып табылады. Сондықтан біз өзіміздің патриоттық сезімді оятып, қазақи тазыны көбейту керекпіз.

Бауыржан Серікқали, ҚР Кинологтар одағының президенті:

- Қазіргі таңда осындай көрме тағы басқа іс шаралар өте маңызды. Себебі біз есепке алуымыз керек. Бүкіл иттің бәрін. Сонда ғана біз халықаралық кинологиялық Федерацияның талаптарын орындаймыз.