Жамбыл облысында құрылыс талабын сақтамағандар жауапқа тартылды

Жамбыл облысында құрылыс талабын сақтамаған 47 компания жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде кей мердігерлердің сапасыз материал қолданып, енді бірінің жобадан ауытқығаны белгілі болды. 4 айдағы тосын тексерістен соң, 79 әкімшілік іс қозғалды. Оған қоса тиісті тараптарға 28 нұсқама жіберілген. Жұмысына жауапсыз мердігерлерге 23 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар өрескел қателікке көз жұма қараған техникалық бақылаушылар да жауапқа тартылды.  

Қайрат Бисембаев, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Бір мердігер компанияны лицензиясынан айырдық. Т.Рысқұлов ауданында мектептің құрылысын салып, аяқтамай былтыр кетіп қалған. Жуалы ауданы Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысын тура сондай проблемалар болып жатыр. 4 техникалық қадағалаушы. Осы 5 айдың ішінде төртеуінің аттестатын 6 айға тоқтаттық.