СҚО-да аудан орталығының тұрғындары сусыз қалды

Солтүстік Қазақстан облысында аптап ыстықта аудан орталығының тұрғындары сусыз қалды. Петропавлға тиіп тұрған Бескөл ауылында тіршілік нәрі жоқ. «Бұл жыл сайын қайталанатын қалыпты жағдайға айналып барады», - дейді жергілікті жұртшылық. Мәселе түбегейлі қашан шешіледі?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Су тапшылығы, әсіресе, Бескөл ауылындағы оңтүстік-шығыс ауданында байқалады. Бұл жақта тұратын халық бір апта бойы сусыз отыр. Күннің ыстығында бау-бақшалар да суарылмай тұр.

Зейнеп Қожина соңғы апта шөл далада қалғандай күн кешіп отыр. Ми қайнатар ыстықта сусыз қалған ол тіршілік нәрін дүкеннен сатып алады. Су бүгін ғана берілді. Оның өзі баяу ағады.

Зейнеп Қожина, Бескөл ауылының тұрғыны:
- Су болмады, бір жұмадай міне осы. Қиналып қалдық. Берді міне, Аллаға шүкір міне бар енді. Кішкене судың күші бар екен. Көтеріліп беріп жатыр. Рахмет.
- Су қысымы жарай ма?
- Енді кішкене тағы қосылса енді. Жақсы болатын еді. Мынау енді кішкене аз болады.

«Бұл Бескөл ауылында жаз сайын қайталанатын жағдай», - дейді тұрғындар. Күн ысыса болды, тіршілік нәрі іркіліп қалады. 

Сансызбай Жүнісов, Бескөл ауылының тұрғыны:
-
Су бойынша мәселе қатты болып тұр. Су ақырын ағады. Менің үйімде кейде тоқтап қалады, кейде жүреді былай. Қазір сіздер келгенде жүріп тұр. Жаңбыр жаумай тұр. Суару қиын болып тұр шынын айту керек.

Бескөл ауылында 15 мыңға жуық адам тұрады. Шенеуніктердің айтуынша, жаз айларында тұрғындардың су тұтынуы екі есеге дейін артады. Қысым да төмендейді. Қазір бұл жағдайға байланысты комиссия құрылды. 

Қуандық Шақыбаев, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
-
Кеше комиссия мүшелерімен негізгі су магистралін қарап шықтық. Қысым төмен болды. Сондықтан оны көтеру туралы шешім қабылданды. Қазір су беріле бастады. Қосымша резервуарлар жұмыс істеп тұр. Мәселе бақылауда.

Қазір Бескөл ауылында су желілерін жаңарту жобасы жүзеге асып жатыр. Елді мекен бойынша 17 шақырым құбыр ауыстырылды. «Бұл су тапшылығын жоюға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков