Небәрі екі жылда Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетіп отыр. Бұл - рекорд. Себебі халық санының өсуіндегі айтулы меже әр 4-5 жылда ғана байқалған. Айталық, 15 миллиондық межеге 2004 жылы қол жеткізілді. 2009 жылы қазақстанның 16 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. 2013 жылы 17 миллион болсақ, одан кейінгі 4 жылда халық саны 19 миллионға жеткен еді. Араға екі жыл салып есеп 20 миллионға барды. Халық саны қалай өсті? 15 миллион – 2004ж. 16 миллион – 2009ж. 17 миллион – 2013ж. 18 миллион – 2017ж. 19 миллион – 2021ж. 20 миллион – 2023 жылдың қарашасы.