Әлем және Қазақстан: майлы дақылдар өндірісі. LIVE

Майлы дақылдар өндірісі бойынша әлемдегі жетекші сарапшылар Алматыда бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пікірталас алаңында саладағы түйткілді мәселелер, яғни логистика мен нарық, май өнімдерін экспорттауға қатысты ойлар ортаға салынады. Арнаның Алматыдағы меншікті тілшісі Гүлжан Көленқызы халықаралық жиыннан тікелей эфирге қосылып, майлы дақылар өндірісі бойынша еліміздің әлеуеті туралы сарапшылармен сұхбаттасты.