СҚО-ның Пресновка ауылында су құбыры жарылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка ауылының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр. Өйткені желтоқсан айының 25-і күні су құбыры бірнеше жерден жарылған. Апаттың салдарынан қазір тіршілік нәрі тұрғындарға сағаттап кестемен беріледі. Ал бұл уақытта үлгірмегендерге су көрші ауылдардан арнайы көлікпен тасымалданады. Жалпы айта кету қажет аталған елді мекенде бүгінгі күні  алты мыңнан астам халқы бар.

Любовь Пугина, Пресновка ауылының тұрғыны:

- Мен 64-те, анам 90-да. Қазір суды үнемдеп пайдаланып отырмыз. Тамақ пісіріп, ыдыс жуу керек. Сондықтан шүмектің ауызын күзетуден басқа амалымыз жоқ. 

Сансызбай Рамазанов, көлік жүргізуші:

- Осы жерден 40 шақырым жер. Күніне екі рет әкелемін, таңертең кешке. Осы жерде тұрамын. Сосын басқа көшелерге барып тұрамын. Жұрт келіп алады. Ыдыстарымен келіп әкетеді. Машинамен, жаяу келеді.