Шымкентте газ баллоны жарылып, екі адам жарақат алды

Оқыс оқиға таңғы бестер шамасында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендердің үлкені – 35 жастағы әйел. Ол 3-дәрежелі дене күйігімен ауруханаға түсті. Сондай-ақ 2006 жылғы қыз баланың кеуде қуысы зақымдалған. Жарылыстың күштілігі соншалық, үйдің бір жақ қабырғасы опырылып түскен. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға газ баллонын толтырарда қауіпсіздік талабын сақтамау себеп болған.