Жасыбай – Баянауыл автожолында көлік аударылып қалды

Павлодар облысында көлік аударылып қалды.

Жол-көлік оқиғасы Жасыбай – Баянауыл автожолында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«Тoyota-Hilux» автокөлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай, аударылып кеткен. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.