Ақмолалық құтқарушылар екі балықшыны қар құрсауынан аман алып қалды

Олар Үлкен Шабақты көлінен балық аулауға шыққан,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Сосын жолдан адасып кетіп, мінген көліктерінің жанармайы таусылып, жолда қалған. 112 нөміріне қоңырау шалған оларға құтқарушылар жедел жетіпті. Ерлі-зайыпты балықшыларға медициналық және психологиялық көмек қажет болған жоқ дейді мамандар.