Ақтауда ер адамның дүкеннен гүл алып қашқан сәті желіде тарап кетті

Бастапқыда ол гүл таңдаған қалып танытқан. Кенет сатушының қолындағы раушан, қызғалдақтарды жұлып алып, қаша жөнелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда алысқа ұзамады. Жақын маңда тұрған куәгерлер оны ұстап, кері қайтарды. Дүкен иесі полицияға арызданған жоқ. Мас азамат кешірім сұрап, ұрлаған гүлдің ақшасын төлепті.