Ақтауда стоматологиялық клиника тоналды

Пышақпен қаруланған ер адам кассирді қорқытып, 200 мың теңгені алып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқиғаға 30 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бар болып шықты. Ол дереу ұсталып, жасаған қылмысын мойындады. Қазір қылмыстық кодекстің 192-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.