433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

  • 173
  • UPD: 23:22, 29.03.2021

Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт - дейді. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал, сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді.

Гүлжан Арысбаева сарбаздың анасы:

- Соңғы мәрте 20-сында звондады маған, «бәрі жақсы мама, уайымдамаңыз» деп. «Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па», деп сұрадым. «Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы», деді.

Бауыржан Дүйсенбаев, 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

- Не себептен қашып кеткенін, не себептен әскери бөлімді тастап кеткені бізге беймәлім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласыгда осы әскери бөлімнің қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен іздестіру шаралары жүруде. Нәтиже әлі болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы