Павлодарда әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды

Сарбаз № 5512 әскери бөлімінен кеше сағат 6:30 шамасында кетіп қалған болатын, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді, - деді ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында.

- Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз».

Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір сағат 06:30 шамасында әскери бөлімнен өз еркімен кеткен болатын. «VITA» іздеу жасағының еріктілері мен Павлодар облысының әскери-тергеу органдары сарбазды бірге іздеген болатын.