Ақтауда жол апаты салдарынан үш көлік өртеніп кетті

Ақтауда жол апаты салдарынан үш көлік өртеніп кетті, деп хабарлады lada.kz.

Оқиға 11 мамырға қараған түні 9-ықшамаудандағы жолда болған. Толық ақпаратты аймақтық полиция департаменті хабарлады.

«Infiniti көлігінің жүргізушісі Toyota Prado және «Ваз-2112» көліктерімен соқтығысқан. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан үш көлік те жанып кетті.