БҚО-да бес адам астан уланып, екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды

Батыс Қазақстан облысында бес адам астан уланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар Бөрлі аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Барлығы да осы өңірдегі жеке компанияның қызметкерлері. Олар өздері жұмыс істейтін мекеменің асханасында астан ұшынған болуы мүмкін. Ауыр жағдайда болған екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы бір науқас жағдайы жақсаруына байланысты жансақтау және қарқынды терапия бөлімінен инфекциялық бөлімге ауыстырылды. Қалған үшеуінің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр дәрежеде деп бағалап отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазір олар инфекциялық бөлімде ем алып жатыр. Кейін дәл осындай симптомдармен түскен тағы бір науқас та қазір дәрігерлердің бақылауында.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы