426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап қаза тапты

  • 179
  • UPD: 23:21, 28.05.2021
Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап қаза тапты

Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап көз жұмды, деп хабарлады otyrar.kz.

Қайғылы оқиға «Фантазия әлемі» технопаркінде болған. Жас жігіт оқиға орнында жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, жас бала орта мектепті бітіріп, паркте жұмыс істеген.

Саябақ қазір жабық, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы