Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды

Оның бірі – кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек.

Қазіргі дерек бойынша тағы 6 адам жарақат алған, біреуі жоғалып кеткен. Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал зардап шеккендерге көмек көрсетіледі дейді төтенше жағдайлар министрлігінің реми өкілі Талғат Уәли. Оқиға болған аумақ – Алматы облысының Ұйғыр ауданы. Селдің жүруіне күн райы әсер еткен. Яғни 15 минуттай бұршақ аралас қатты жауын жауған.

Қазір Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметі шұғыл штаб жұмыс істеп тұр.

Тел номері 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18