Щучинскте сауда орталығында жасөспірімді ұрып-соққан адам ұсталды

Қызылордада есірткі еккен тұрғын ұсталды. Полицейлер «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қала тұрғынының үйінің ауласынан 21 түп қара сора өсімдігін тәркілеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Щучинск қаласындағы сауда орталығында жасөспірімді ұрып-соққан 30 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті дүкен кассасындағы кезекті айналып өтпек болып, жанжал шығарған. Кәмелетке толмаған бала ер адамға кезекке тұруды өтінген. Алайда ол баланы дүкен фойесіне апарып, дене жарақатын салған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталды.