Маңғыстауда ГАЗель өртке оранды (видео)

Оқиға 12 маусым күні Ақтау-Таушық автожолында болған.

Роликтегі кадрлардан жарылыс болып, қызыл жалынның жүк көлігін лезде шарпып кеткені байқалады, деп хабарлайды lada.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, жалын өрт сөндірушілер жеткенше сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ.