424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде 11 және 12 жасар екі баланы көлік қақты

  • 196
  • UPD: 18:00, 18.06.2021
Өскеменде 11 және 12 жасар екі баланы көлік қақты Kazpravda.kz

Өскемен қаласында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін түскі уақытта Карбышев көшесінде болған. «ВАЗ маркалы автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі Гагарин бульварына қарай жүріп келе жатып реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелет жасына толмаған екі баланы қағып кетті», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 11 және 12 жастағы ұлдар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы