Таразда түрмеге телефон алып кіру әрекеті жүзеге аспады

Таразда түзету мекемесіне ұялы телефон кіргізбек болғандардың жымысқы әрекеті іске аспай қалды.

Қауіпсіздігі ең жоғары ЖД 158/7 колониясындағы сотталушыларға телефонды сол мекемеде келісім-шарт арқылы ағаш өңдеумен айналысатын кәсіпкер өткізуге әрекет жасаған. Ол телефондарды кесілген ағаш ішіне жасырыпты. Тексеру кезінде барлығы 27 смартфон мен 25 түймелі аппарат табылды. Құрылғылар оралып, жылтыр қағазбен қапталған. Бұл оқиғадан кейін кәсіпкермен мекеме арасындағы келісім-шарт бұзылып, бизнесмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық атқару жүйесі саласының өкілдері мұндай әрекеттерді болдырмау үшін заңға өзгерістер қажет дейді.

Теңізжан Жәнібеков, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы: 

- Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабына өзгеріс енгізу үшін біз ұсыныс бердік қылмыстық атқару жүйесі комитетіне. Ол ұсыныстар қарастырылуда. Біздің берген ұсынысымыз әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық жауапкершілікті қарастыруда.

Сондай-ақ...