Павлодарда 79 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

Павлодарда көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы Әуежай – Павлодар автожолында болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 08:00-де «Mitsubishi Delica» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың жиегімен келе  жатқан 79 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Алайда зейнеткер есін жимастан қайтыс болды», - деді департаментте. 

Сол күні сағат 11:30-да Минин – Щедрин көшелерінің қиылысында «ВАЗ 21112» және «Тойота-Коррола» маркалы автокөліктері соқтығысты. «ВАЗ 21112» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, барлық факті бойынша тексеру жүргізілуде.