Шиелі ауданында көрші ауылдың 3 сиырын ұрлаған адам ұсталды

Алматы облысындағы Қаскелең қаласында мотороллер жүргізушісі жеңіл көлікке соғылып, қаза тапты. Кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы қалаға кіреберісте болған. Шығысқа қарай бағыт алған «Zaz Vida» көлігінің жүргізушісі көшенің қиылысында өзіне қарсы бағытта жүріп келе жатқан автокөлікті өткізіп жебереді. Бірақ оның артынан іслескен мототехниканы байқамай, соғып өткен. Соның салдарынан мотороллер жүргізушісі жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болып кетті. Қазір аталған оқиғаның ақ-қарасы анықталып жатыр.

Қызылорда облысында «Мотоцикл» жедел іс шарасы барысында ішімдік ішіп, мототехниканы басқарудың екі дерегі анықталды. Сонымен қатар есірткі заттарын тұтынып, мотоциклмен көшеге шығып кеткендер де көзге түсті. Аталған жедел іс-шара барысында 62 мототехника айып тұрғына қойылды. Көбінің тиісті құжаттары жоқ және жолға шыққанда қорғаныш бас киімдерін кимейді. Олардың қатысуымен 300-ден астам жол жүру ережесінің бұзылғаны анықталып отыр.

Алматыда өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, жаяу жүргіншілерді тонаумен айналысқан Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны қолға түсті. Оның бұған дейін де осындай қылмыстарды жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. «жалған полицейден» айғақ заттар тәркіленіп, өзі қамауға алынды. Оның адам тонаудың 5 оқиғасына қатысы бар екені анықталып отыр. Қазір аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері Шиелі ауданындағы жайылымдардың бірінен 3 сиырды ұрлап әкетті деген күдікпен 30 жастағы көрші ауылдың тұрғынын ұстады. Тергеу барысында оның ұрланған сиырларды мал базарына апарып, саудалағаны белгілі болды. Салдарынан жәбірленушіге 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген. Қазір күдіктінің облыс аумағындағы өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қолға түскен азамат ешқайда шықпау туралы қолхат жазып берді.

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Заречный ауылында «Лада» автокөлігінің терезесін шағып, магнитофон мен аккумуляторын ұрлап кеткен екі ер адам қолға түсті. Ішімдік ішіп, қылмыс жасағандар осылайша көліктің қожайынына 82 мың теңге шығын келтірді. Бейнебақылау камерасына түсіп, полицияға ұсталған ұрылар өз кінәсін толық мойындады. Автомагнитофон иесіне қайтарылды. Ал аккумулятор батареясын саудалап үлгіріпті. Алкогольдік ішімдік ішіп, автокөлік тонаған екеу енді заң алдында жауап беретін болады.