Ақтауда жол апаты салдарынан көлік аударылып қалды

21 шілде күні сағат 19:30 шамасында Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының «Мираж-5» экипажы қызметкерлері берілген маршрутты патрульдеу кезінде «Шығыс-2» шағын ауданында үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын байқады.

«Hyundai Accent» автокөлігінің жүргізушісі «Mercedes-Benz» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Сонымен қатар «Hyundai Accent» автокөлігі «Mitsubishi Pajero» көлігімен де соқтығысты. Салдарынан «Hyundai Accent» көлігі аударылды.

Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі: Маңғыстау облысының Полиция департаменті